Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Сенбі, 27 шiлде, 06:40

650 түп көшет егілді

01.05.2024

61

0

1 мамыр – бірлік пен ынтымақ күнінде жалағаштықтар Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Бірге Таза Қазақстан» экологиялық акциясы шеңберінде тал егу жұмыстарын жүргізді. Республикалық акцияға аудан тұрғындары, арда­гер­лер, этнос өкілдері, белсенді жастар, волонтерлер қатысып, қолдау білдірді.

– Тал егу акциясы басталғалы апта сайын қалмай мен де өз үлесімді қосыуға тырысамын. Жалағаштың жа­сыл­ желекке айналып, ауданымыздың көркеюі әрбір тұрғын үшін маңызды болуы қажет. Дана халқымыз «Адам – табиғаттың төл перзенті» демей ме, олар көктем келі­сімен-ақ ауласын тазалап, үйінің айналасына гүл, жасыл желектер егіп, су ағатын арықтың, каналдардың көзін ашқан. «Атаңнан мал қалғанша тал қалсын» дегендей, отбасымызбен бірге барынша «Таза Қазақстан» акция­сына өзіміздің үлесімізді қосып жатырмыз, – дейді аудан тұрғыны Алишер Бақтыбаев.
Сондай-ақ аудан әкімі Ардақ Ибраимов акцияға қаты­сушыларға 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді.
Айта кетейік, аудан бойынша өткізілген тал егу жұмыс­тары барысында жалпы саны 650 түп көшет егілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: