Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Жексенбі, 22 желтоқсан, 15:22

РЕФЕРЕНДУМ – ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН ЖАСАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

09.06.2022

402

0

Өткен референдум еліміздің жаңа қырынан дамуы мен халықтың игілігі үшін жасалған маңызды қадам болды. Дауыс берушілер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұсынған реформаларды қуаттап, жақтап дауыс берді. Еліміз бойынша дауыс беруге құқылы азаматтардың 77%-ы қатысса, ал ауданымыз бойынша 89,54 пайызы қатысып, өз таңдауларын жасады.

Саяси науқан барысында тұрғындарға ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу бойынша «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы жанынан арнайы қоғамдық штаб құрылды. Аталған қоғамдық штабтар бойынша ауылдық округтер және сала мамандарымен кездесулер өткізілді. Келелі кездесулер барысында дауыс берушілер тарапынан түскен ұсыныстар партияның орталық аппаратына жіберілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Жаңа Қазақстанды құру елді дамыту парадигмаларын өзгертуге бағытталған. Әрқайсысымыз өзгерістерді өзімізден бастап, жаман әдеттерден бойымыз бен ойымызды алшақтатып, елдің түп тамырына балта шабатын сыбайлас жемқорлыққа табанды түрде қарсы тұрып, нақты өзгерістірге деген сенімді орнықтыруымыз керек деп есептеймін. Осы тұрғыда, қоғам болып Жаңа Қазақстанды құруда табандылық көрсетіп, тынбай еңбек етуіміз қажет.

ҚҰРМАНБАЕВА Гүлзат,
«AMANAT» партиясы атынан сайланған Жалағаш аудандық мәслихат хатшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: