Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы мен «Дарын» бастауыш партия ұйымының бірлесіп ұйымдасуымен партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында «Этно ауыл» жазғы демалыс алаңында ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, дәріптеу мақсатындағы іс-шараларымен жалғасуда. Осы орайда, бүгін «Ұлттық құндылықтар: Салт-дәстүрлерді түсіндіру» бойынша ардагер аналар мен оқушылардың кездесуі болып өтті.
Бүгінгі ұйымдастырылған шараның негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, баланың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету болып табылады.
Шара барысында «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева оқушыларғ қазақтың ырым-тиымдары, салт-дістүрлері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, оқушылармен еркін форматта пікір алмасу жүргізді. Оқушылар ардагер аналарға өз ойларындағы сұрақтарын қойып, жауаптарын алды
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!