Қазгидромет алты облыс тұрғындарына аптап ыстық болатынын ескертті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктер 19 маусымдағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.
«Қазақстан Республикасының солтүстігінде, орталығында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады, Қазақстан Республикасының қалған бөлігінде атмосфералық фронтал бөліктері сақталады, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жауады, жел күшейеді», – делінген хабарламада.
Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Қостанай облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау облысында, Атырау және Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде аптап сақталады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!