Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

4°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 18:34

6 айда 18027 үй жануары бірдейлендірілген

10.07.2024

132

0

Ауданда соңғы жылдары мал шаруашылығы қарқын алғаны айтпаса да түсінікті. Атакәсіпті қолға алған шаруа адамдары бүгінде түлік басын көбейтуден асылдандыруға аяқ басты. Әлбетте шаруаны ширатуда еңбек адамдарының жұмысын жоққа шығару орынсыз болар, бірақ олардың үлкен табысқа жетуінде ветеринария саласы мамандарының да еңбегі ерен. Тіпті қорасында азын-аулақ мал ұстаған қарапайым халықтың сала мамандары қажетіне жарап тұр. Ал олардың қаңғыбас ит-мысықтармен күресіп, тұрғындар қауіпсіздігіне сіңірген еңбегі өз алдына бөлек әңгіме. Саладағы біқатар мәселеге байланысты облыстық ветеринария басқармасына қарасты аудандық ветстанция ШЖҚ КМК директоры Әбдісаттар Бақтыбаевпен сұхбаттастық.

– Әбдісаттар Тобжанұлы, ал­ды­­мен өзіңізді және сіз басшы­лық еткен ұжымды кәсіби мереке­ле­ріңіз­бен құттықтаймын. Мереке қар­саңында салаға енгізілген өзге­ріс­тер мен жаңалықтар және ат­қарылып жатқан жұмыстар жайын білгіміз келді. Алдымен әңгімемізді осыдан бастасақ… – Рақмет! «Кәсіби мерекелер тіз­бесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орын­­басары, Еңбек және халықты әлеу­­меттік қорғау министрінің 2023 жыл­ғы 29 маусымдағы №258 бұйры­ғына өзгеріс енгізіліп, елімізде алғаш рет 2024 жылдың 10 шілдесі «Вете­ринариялық қызметкерлер» күні бо­лып белгіленді. Дәл осы сұхбатты пай­даланып, мен де әріптестерімді кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Ешқандай саланың жұмысы оңай емес, біздің сала да үлкен жауапкершілікті қа­жет етеді. Сенім үдесінен шығып, ха­лықтың қажетіне жұмыс жасап жат­қан әріптестерімнің еңбегін жоғары бағалаймын.

– ҚР Үкіметінің «Ветеринария туралы» Заңына енгізілген өзге­ріс­тердің тиімділігі қандай?
– Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің да­йын­даған Қазақстан Республика­сы­ның кейбір заңнамалық актілеріне агро­өнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға негізінде жер­гілікті атқарушы органдардың ветери­нариялық санитариялық қадағалау функцияларын ветеринариялық ба­қы­лау және қадағалау комитетіне штаттық бірліктерімен қайтарып алынды. Со­нымен қатар ветеринария саласына тігінен ЖАО құру болып белгіленді. Осыған байланысты қазіргі уақытта тиісті негізгі қорлары, жабдықтары «Вет­станция» шаруашылық жүргізу құ­қығындағы коммуналдық кәсіпорны есебіне берілді.

– Ауыл шаруашылығы жануар­лары ауруының алдын алу, бір­дей­лендіруде нендей шараларды қолға алдыңыздар?
– Қазіргі уақытта жергілікті атқа­рушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды қамта­ма­сыз етудің заттай нормаларын бе­кіту туралы ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша барлық керекті жабдықтар, атрибуттар, құралдар және авто­кө­ліктер толығымен алынды. Аудан бойынша ауылдық округтердегі вете­ринариялық пункттерге тара­ты­лып берілді. Биыл алғашқы жарты­жыл­дықта бекітілген жоспарға сәйкес ве­теринариялық іс-шаралар толы­ғы­мен атқарылды. Аса қауіпті 14 түрлі жұқ­палы аурудың алдын алуға ел тай­қазанынан қаралған қаражатқа био­препараттар ауданға жеткізіліп, ауыл­дық округтердегі ветеринариялық пункттерге таратылды.
Диагностика бойынша сарып ау­руына 27 761 бас мүйізді ірі қара, 25 144 бас уақ малдан қан сары суы алынып тексерілді. Ешқайсысынан ке­сел анықталған жоқ. Ал аудан бойынша бірінші жартыжылдықта iszh.kz дерекқор базасы туралы мәліметіне сәйкес веб-порталдық базада 36 682 бас МІҚ, 32 795 бас уақ мал, 29 634 бас жылқы, 829 бас түйе, 50 бас шошқа тіркелген. Қазіргі таңда биыл бекітілген жоспарға сәйкес 6001 бас МІҚ, 8 319 бас уақ мал, 3 678 жылқы, 29 түйе бірдейлендірілді.

– Бірдейлендірудің тиім­ділігі қандай?
– Бұл жұмыстар жануарлардың аса қауіпті ауруларын бақылауда, сани­тариялық іс-шаралар жүргізуде ерекше маңызға ие. Аз ғана уақыт ішінде жануарлардың шығу тегін, орналасқан жерін және одан әрі қозғалыс бағытын және жануарлардан алынатын өнім­дерді анықтай аламыз. Бір сөзбен айтқанда, уақыт жоғалтпаймыз және дерттің дер кезінде алдын алуда да бірдейлендіру маңызды. Жалпы ауыл шаруашылығы жануарларын бір­дей­лендіру жүргізілмеген жағдайларды анықталу іс-шарасы барысында ша­раның маңыздылығы, оны жүргізу тәртібі туралы ең алдымен кент, ауыл­­дық округтердің ветеринар ма­ман­да­рына түсіндіріліп, жекелеген округ­терге практикалық оқулар, аумақтық инспекция мамандарымен бірлескен жиналыстар өткізілді.
Осыған орайда биыл «Ауыл ша­руашылығы жануарларын бірдей­лен­діру» деректер базасында «Жасыл дәліз» функциясын ашу мақсатында ауданда түрлі себептермен бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл шаруашылық жануарлардың есебі жинақталуда. Қазіргі таңда ау­дан бойынша бұрын тіркелмеген мал ұстаушылар тарапынан берілген өті­ніштерге сәйкес 596 бас МІҚ, 97 уақ мал, 2 196 жылқы, барлығы 2 889 бас ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіріліп, есепке алынды. Бұл жұмыстар негізінде бұрын тіркелмеген, есепке алынбаған ересек ауыл ша­руашылық жануарлардың иелеріне өз атына тіркеп алу мүмкіндігі беріледі. Аудан тұрғындарына түсіндіру үшін кәсіпорынның әлеуметтік желідегі па­рақшасында ауыл шаруашылығы жа­нуар­ларын бірдейлендіру жүргізіл­ме­ген жағдайларды анықталу іс-ша­ра­сына байланысты бірнеше рет түсінік­темелер берілді.

– Жалпы иелігіндегі жануарларға жауапкершілікпен қарау да заңмен реттелген. Бұған қатысты бізде мәселе бар ма?
– Иә, «Жануарларға жауапкер­ші­лік­пен қарау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2021 қабыл­данды. Аталған Заңға сәйкес үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу чиптерді, сырғаларды, білезік немесе жағалар не шлейкалар және тағы басқа да есепке алу бұйымдарын пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі. Тек иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың үй жануарларын (ит, мысық) есепке алу тегін жүргізіледі. Тіркеу рә­сім­­дерін мемлекеттік және жеке ветерина­рия­лық қызметті атқаратын ұйымдар жү­зеге асырады.
Негізінен үй жануарларын (ит, мысық) тіркеу міндетті. Күшіктер мен марғаулар жаңа туылған сәттен бастан 45 күннен кейін есепке алынады. Қазіргі таңда аудан бойынша 600 ит «ТАҢБА.KZ» платформасына тіркеліп, жұмыс жалғасуда. Аудан көлемінде мал көмінділерінің жалпы саны – 15. Оның ішінде 5-еуі типтік жобада (Ақсу, Бұқарбай , Аламесек, Мәдениет ауылдық округтерінде және Жалағаш кентінде), қалғаны 10 ауылдық округте бейімделген түрде салынған.

– Жыл басынан бері қан­ша анықтама берілді және олар­ға қатысты тұрғындар тара­пы­нан арыз-шағым бар ма?
– Биыл 6 айда 2 305 да­на ве­теринариялық анықтама бе­ріл­ді. Ве­теринариялық анықтама жө­­нін­де арыз-шағым түскен жоқ, өйт­кені барлығы заңдылыққа сәйкес жүр­гізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарла­ры­ның иелеріне арналған «TortTulik» мобильді қосымшасы іске қосылуына байланысты мобильді қосымша ауыл шаруашылығы жануарларының ба­засын кеңейтуге ықпалын тигізетінін, әрбір жануар иесі (ШҚ, ЖШС, ЖҚШ және т.б.) өз жануарларының санын түгендеу жүргізе алатынын және соның арқасында ветеринар дәрігерлердің ве­теринарлық-профилактикалық іс-ша­раларды уақытылы және толық кө­лемде жүргізуіне мүмкіндік беретінін туралы күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Нәтижесінде жос­пар­ланған 4 432 жануар иесінің 2773-і «TortTulik» мобильді қосымшасына тір­келді.

– Ауылдағы ветеринар мамандар мемлекет қолдауынан құр қалып жатқан жоқ па?
– Мүлде ондай жағдайлар орын алып жатқан жоқ, мемлекеттен қандай қолдау бар, соның барлығын теңдей үлестіреміз. Мәселен, мемлекеттік ветери­нариялық ұйымдарды мате­риал­дық-техникалық жабдықтау ба­ры­сында жануарлар өлексесін және биологиялық материалдарды өр­тей­­тін құрылғысы бар 5 ауылдық округте стационарлық инисинератор пеші ор­натылса (Еңбек, Мақпалкөл, Мә­дениет, Таң, Қаракеткен), мекеме ғимараты жанында автокөлікте орна­ласқан жыл­жымалы инисине­ратор пе­ші жұмыс жасайды. Барлығына тұ­ты­нушылар құқығын қорғау және эко­ло­гия орган­дарының рұқсаты алынған. Бүгінгі таңда осы құрылғылар аудан бойынша то­лық қосылып жұмыс жасауда.
Қазақстан Республикасы сібір жа­расы індетінен стационарлық қолайсыз пунктердің 1948-2002 және 1935-2013 жылдар аралығындағы кадастры бойынша аудан аумағында 6 ауылдық округте сібір жарасы көмінділерінің 10 ошағы тіркелген. Аудандағы белгіленген 10 сібір жарасы індет ошақтар ор­нын мемлекеттік жер кадастрының ав­томаттандырылған ақпараттық жүйе­сіне енгізіліп, топографиялық карта­ла­рын дайындалған. Осы жұмыстарды кәсіпорының ветеринариялық ма­ман қызметкерлері үлкен жауапкерші­лік­пен атқарып келеді. Солардың қа­та­рында кәсіпорынның ветеринар дә­рі­гер-эпизоотологы Б.Балмаханова, Жалағаш кентінің ветеринар дәрігерлері Сатанов Ғабит, Б.Кыдыралиев, вете­ринар фельдшері С.Мусаханов, Қ.Ер­дан, Еңбек ауылының ветери­нарлық пункт меңгерушісі А.Байтасов, Аққыр ауылының ветеринарлық пункт мең­герушісі Б.Болтаев, Жаңаталап ауы­лының ветеринарлық пункт меңгерушісі Н.Айғалиев, Мырзабай ахун ауылының ветеринар дәрігері Д.Осмаханов, Таң ауылының ветеринар дәрігері Л.Са­риева, Мәдениет ауылының вете­ринарлық пункт меңгерушісі Г.Жу­нисов, ветеринар дәрігер Қ.Бекетовтер, М.Шәменов ауылының ветеринарлық пункт меңгерушісі Г.Алмасов, Ала­ме­сек ауылының ветеринарлық пункт меңгерушісі Ж.Таймбетов, Бұқарбай батыр ауылының ветеринар дәрігері Т.Алиев, Ақсу ауылының ветеринарлық пункт меңгерушісі Н.Сәйпеннің игілікті істерін атап өтуге болады.
Халқымыз «мал-жан аман ба?» деп амандық-саулық сұрасады. Өйткені төрт түлік мал күнкөріс көзі болып табылады. Сондықтан келешекте мем­­лекет қамқорлығын пайдаланып, ветери­нария жұмысын жақсарту жо­лында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында еңбек ете береміз.
– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Ақнұр АЛТЫНБЕК

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: