Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 09:33

КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

01.08.2024

225

0

Бүгін Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы мен қаржылық ұйымдар, мемлекеттік және құзырлы орган өкілдерінен құрылған жұмысшы топ Жалағаш ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.

Аудандық бизнес өкілдеріне арналған жиынды аудан әкімінің орынбасары Арнұр Нұрмағанбетов жүргізіп, кәсіпкерлерді шараға белсене атсалысуға шақырды. Сондай-ақ ол кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айта отырып, бұл салаға әрқашан қолдау бар екендігін жеткізді. Аудан прокуроры Әділжан Оразғали өз кезегінде прокуратура тарапы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға әркез дайын деді.

Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы, салық есептіліктерін тапсыру, кәсіп ашуға берілетін жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік бағдарламалар жөнінде талқыланды.

Жиын қорытындысында аудан кәсіпкерлері өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Сұрақтардың басым бөлігі кәсібін кеңейту жолында алынатын несие мен оған қойылатын кепілдемеге қатысты болды. Осы орайда мамандар барлық тиімді жолдарды түсіндіріп, әр салаға қатысты бағдарламалармен таныстырып өтті.

Жиыннан соң жұмысшы топ мемлекеттік бағдарламалардан несие алып, кәсібін дөңгелетіп отырған «Ботақан» ойын-сауық орталығы мен «Мега планета» дүкенінің бүгінгі тынысымен танысты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: