Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылда, елді мекендерде денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жоба шеңберінде өңірімізде кешенді ауқымды жобалар кезең кезеңімен іске асуда.
Облыс халқына 25 стационарлық, оның ішінде 19 мемлекеттік, 6 жеке, 26 амбулаториялық -емханалық, 100 дәрігерлік амбулатория, 25 фельшерлік акушерлік бекет , 97 медициналық бекет қызмет жасауда. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыландырудың арқасында 4 ауданаралық аурухана көп бейінді орталық ауруханалар болып қайта жабдықталып , қайта құрылды. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру ерекше көңіл бөлініп, өткен жылы облыстық бюджеттен 88 млн теңге бөлінсе, биыл өңір басшысының пәрменімен шет елдік ( Турция, Ресей т.б ) және Отандық жетекші медициналық клиникаларда 590 дәрігер мен 738 орта буынды медицина қызметкерлері білімдерін жетілдіріп, озық тәжірибесімен бөлісті.
Бұл мақсаттағы жұмыстар кешенді түрде жалғасын таба беретін болады .Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау, Сыр өңірі тұрғындарына медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру , осы саладағы инфрақұрылымды жақсарту, материалдық -техникалық базасын жақсартуға бағытталған шараларды облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлы өзі тікелей басшылыққа алып, өткен жылдан бері көптеген жылдардан бері қордаланып қалған мәселердің бірі барлық шалғай ауылдар мен елді мекендерді медициналық санитарлық , Жедел жәрдем автокөліктермен қамту мәселесі қолға алынып, облыстық бюджеттен 200 автокөлік сатып алуға тиісті қаржы бөлініп, қазіргі таңда 126 автокөлік табысталса, жыл соңына дейін 74 көліктер табысталатын болады.
Биылғы жыл ауданымыз үшін, соның ішінде денсаулық сақтау саласы үшін сәтті жыл болды. Ауданымыздың Аламесек, Мырзабай ахун, Қаракеткен ауылдарында заман талабына сай медициналық мекеме жаңадан бой көтеріп, білікті мамандармен толықты. Сонымен қатар, ауданымызға су жаңа 6 жедел жәрдем көлігі беріліп отыр. Оның бәрі халықтың денсаулығы үшін жасалып отырған жұмыстар, халық тілегінің орындалуының көрінісі. Осыған дейін де талай халықпен кездесулерде ең жиі қойылатын сауалдардың бірі – осы жедел жәрдем көлігі еді.
Қызылорда облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Әмірбек Шаймағанбетов Жалағаш ауданының халқымен кездесуде жедел жәрдем көлігін алу мәселесін көтеріп жүрді. Сайлаушылардың ұсынысын ескерген облыстық мәслихат депутаты тиісті жерлерге депутаттық сауалдар жолдап, мәселенің маңыздылығын жеткізіп, сайлаушылардың ұсынысына сәйкес оң шешімін шығарды.
Кездесуге «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева, аудандық мәслихат депутаттары Қуат Ахетов, Еркебұлан Мақсұтов, аудандық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Индира Нағашыбайқызы және облыстық қоғамдық кеңестің алқа мүшесі, қоғам белсендісі Ерұлан Өмірсеріков қатысты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!