Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:51

Биыл көпбалалы отбасыларға 274 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді

19.08.2024

132

0

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 583,4 мың отбасы жалпы сомасы 274,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

  • 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;
  • 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;
  • 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;
  • 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;
  • 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.   

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқан. Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: