Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 07:01

«Баланы мектепке даярлайық!» акциясы Жалағаш ауданында жалғасын табуда

20.08.2024

212

0

«AMANAT» партиясының бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында. «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткізілуде. Акцияның басты мақсаты – көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларының жаңа оқу жылына 1 қыркүйек күні сабаққа баруына көмектесу болып табылады.

Бүгін Жалағаш аудандық партия филиалының «Дарын» бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен Жалағаш аудандық оқушылар Үйінде «Баланы мектепке даярлайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Акцияға аудандық партия филиалыныңатқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл Шоңмұрынқызы , партия филиалының “Дарын” бастауыш партия ұйымының төрағасы Садықов Талғат Құрақбайұлы қатысты.

Шарада Жалағаш ауданының өнер мектебінің оқушылары концерт ұйымдастырып, өз өнерлерін көрсетіп, акцияға қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй сыйлады.

Акцияда бастауыш партия ұйымдарын қаржыландыруға бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 29 оқушы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі , аудандық мәслихат депутаты Досымов Қайрат Алмасұлының демеушілігімен 10 бала кеңсе тауарлары салынған сөмкелермен қамтылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: