Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 06:32

ТАҢ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ САЙЛАУЫНА ПАРТИЯ АТЫНАН КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

20.08.2024

220

0

Бүгін аудандық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлының төрағалығымен «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының кезектен тыс ХLI конференциясы болып өтті.

Күн тәртібінде ағымдағы жылдың 15 қыркүйек күні өтетін Таң ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан кандидат ұсыну. Саяси партиялар туралы қолданыстағы заңнаманың және «AMANAT» партиясы Жарғысының талаптарына сәйкес конференцияға партияның 3226 мүшесін біріктіретін, 22 бастауыш партия ұйымдарынан делегаттар сайланды. Делегаттардың құрамына әртүрлі сала өкілдерінен, мемлекеттік басқару органдарының, шағын және орта бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қосылған.

Өз өтініштері бойынша ұсынылған кандидаттарға дауыс беру форматы бойынша аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева баяндады. Хабарлама жасау барысында Қ.Мұстафаева делегаттарға дауыс берудегі құқықтарын түсіндірді. Дауыс беру мандат комиссиясын көтеру арқылы ашық түрде жүргізілді.

Үміткерлерге дауыс берудің қорытындысы бойынша «Аққұм ауылдық округі» БПҰ төрағасы Айтжанова Гүлжайна Айтжанқызы хабарлама жасап, жоғары дауысқа ие болған кандидаттың кандидатурасы, Жалағаш аудандық сайлау комиссиясына тіркеуге ұсынылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: