2025 жылдың 1 қаңтарына дейін «Яндекс» пен «InDriver» сервисіне тіркелген рулі оң жақтағы көліктер анықталады. Көлік министрі Марат Қарабаев осы санаттағы көліктердің жолаушы тасымалдауына шектеу енгізілетінін мәлімдеді, деп жазады Zhalagash-zharshysy.kz
Министр «InDriver» агрегаторымен меморандумға қол қойылғанын айтты. Тиісті құжат бойынша оң жақ рульді көліктерге такси қызметін көрсетуге тыйым салынады. «InDriver», «Яндекс» компаниялары мұндай көліктерді өз қосымшаларында тіркемейді.
«Рулі сол жаққа ауыстырылған оң жақ рульді көліктер бар. Олар азаматтарымыздың денсаулығына және көлік қозғалысына қауіп төндіреді. Сондықтан оң рульді көліктерде 13 таңбалы VIN коды бар, ал сол рульді көліктерде 17 таңбалы VIN коды таңбаланған. Бұл тұрғыда такси қызметтері осындай көліктерді анықтап, 1 қаңтардан бастап қызметтен босатады. Мұнымен қоса, Ішкі істер министрлігі жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімін ұсынады. Бұл ретте, осы жүргізушілер такси жүйесінен шығарылады», деді министр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!