Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім ұяларын жоғары жылдамдықты интернетпен қамту көрсеткішін жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Министрлік келтірген дерекке сай, елдегі 89 пайыз мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылған. Сондай-ақ интернеттің орташа жұмыс істеу қарқыны да артқан. Мәселен, былтыр интернеттің орташа жылдамдығы 4 Мбит/с болса, биыл бұл деңгей 75 Мбит/с-ке жеткен.
Ал шалғай аудандарда орналасқан 1731 мектеп Starlink жүйесіне қосылған.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!