Аудандық партия филиалының мәжіліс залында Қызылорда облыстық партия филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлының қатысуымен партия активі болып өтті.
Партия активіне аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, партия филиалының бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Актив отырысына аумақтық партия филиалының төрағасы Елеусінов Өмірзақ Тұрымбетұлы жүргізіп, партия филиалымен бастауыш партия ұйымдарының, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру бағытында «Жол картасы» аясында атқарып отырған жұмыстарына тоқталды. Сөз алған Алмасбек Есмаханов партия алдындағы негізгі міндеттерді айтып, партияның Сайлауалды бағдарламасын орындауға бар күшті салу қажеттігін атап өтті.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!