Бүгін AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Есмаханов Алмасбек Әбілқасымұлы Жалағаш ауданында партияның сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан Қаракеткен ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория құрылысындағы партиялық бақылау бекетінде болды.
Құрылысы ағымдағы жылдың маусым айынан басталған дәрігерлік амбулаторияны мердігер «Бақ-Береке 2030» ЖШС салуда. Амбулатория құрылысына бюджеттен 248,8 млн теңге бөлінген. Мердігер компания қазіргі таңда өздеріне тапсырылған жұмыстың 40 пайызын аяқтаған.
А.Есмаханов ауыл тұрғындарына аса қажетті құрылыс нысанының жұмыстарын уақытылы мерзімінде, әрі сапалы аяқтап, халық игілігіне табыстау қажеттігін айтты.
Сондай-ақ ауданға қарасты Бұқарбай батыр ауылының №33 орта мектеп ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысқан филиал төрағасы мердігер мекемеге жаңа оқу жылы басталатын уақытқа дейін құрылыс жұмыстарын сапалы аяқтауды тапсырды.
«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында мектептің күрделі жөңдеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 428.9 млн.тг. қаржы бөлінген. Оның ішінде 412.9 млн. тенге құрылыс жұмыстарына, 118.9 млн тенге технодзор, 4.1 млн тенге. Құрылыс жұмыстарын «СК и Монтаж-Строй» ЖШС-гі жүргізуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!