Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Бейсенбі, 19 қыркүйек, 21:46

Бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жеңімпаз болды

11.09.2024

399

0

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәлім етуінше, Қазақстан бокс құрамасы 15 алтын, 11  күміс, 15 қола медаль еншілеп,  жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынды 14 алтын, 11 күміс, 8 қола жүлделермен Өзбекстан иеленсе, үздік үштікті 12 алтын, 13 күміс 18 қола алған Үндістан командасы түйіндеді. 

Азия чемпионаты Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Айн қаласында өтті. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: