Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

11°C

, Сәрсенбі, 23 қазан, 20:34

Әлем чемпионаты. Қазақстан – Аргентина ойынын қайдан көруге болады?

30.09.2024

337

0

Бүгін футзалдан Өзбекстанда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан мен Аргентина құрамалары кездеседі. Қазақстандықтар бұл ойынды тікелей эфирде тамашалай алады, – деп хабарлайды msports.kz сайты.

Ширек финалдағы ойын Ташкент қаласында өтеді. Қазақстандағы уақытпен сағат 20:00-де басталады. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетілім таратады. Сондай-ақ FIFA+ желісі арқылы (тегін, тіркелу маңызды) да тамашалауға болады. 

Қазақстан құрамасы D тобында болып, екінші орынмен плей-оффқа шықты. Бірінші орынмен шыққан Испания кеше Венесуэладан ұтылып, жарысты 1/8 финалда аяқтады. 

Екі құрама арасындағы ойында жеңіске жеткен құрама Франция – Парагвай арасындағы ойында ұтқанымен кездеседі. Жартылай финалдағы бұл ойын 3 қазанға жоспарланған. 

Аргентинаға қарсы ойынға ұлттық құрама ойыншысы Лео қатыса алады. Ол қызыл қағаз алуына байланысты бір ойынға шеттетілген еді. 

Айта кетейік, әлем чемпионатына іріктеу алдында отандастарымыз дәл осы Аргентинамен жолдастық ойын өткізген болатын. Алматыдағы ойында Кака шәкірттері 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. 

Аргентина 2016 жылы Колумбияда өткен әлем чемпионатында топ жарған құрама. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: