Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 23 қараша, 16:34

«ҚР Мәдениет және өнер саласының үздігі» атты республикалық патриоттық байқауының өткізу ережесі

04.10.2024

183

0

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» республикалық инновациялық орталығының ұйымдастыруымен өтетін «ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты республикалық патриоттық байқауына мәдениет және өнер саласының өкілдерін қатысуға шақырамыз!

Іс-шараның мақсаты: Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жолдауында: «Біздің ұзақ мерзімге арналған даму жолымыз – айқын. Биік мақсаттарымыз бар. Оған жету үшін, ең алдымен, ел бірлігін сақтай білуіміз керек. Бір-бірімізге қолдау білдіріп, құрмет көрсетуіміз қажет. Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады. Әр адамға және баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекетті, яғни Әділетті Қазақстанды болашақ ұрпаққа аманат ету – баршамызға ортақ міндет», – деп атап өтті.

Осы ретте Тәуелсіздік жылдары еліміздегі мәдениет және өнер саласында адал еңбек етіп жүрген мамандарды, яғни өз ісінің майталмандарын қоғамда кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету.

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУҒА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫН ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ.

Байқаудың шарттары:

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең бойынша қатысушы өтініш кестесін толтырып және жеткен жетістіктерінің растайтын құжат көшірмелері (мыс.: алынған алғыс хат, диплом және т.б.), сонымен қатар 3/4 форматтағы немесе сапалы жеке 1 фото суретін astana_2024kz@mail.ru электронды почтасына 2024 жылдың қараша айының 3- дейін қабылданады. Форумға жұмыстар 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілдерінің бірін таңдап жіберілуі керек. Өтініш кестесінде міндетті түрде тұрғылықты мекен-жайы көрсетілуі тиіс (Астана қаласына қорытынды конференцияға келе алмай қалған жағдайда көрсетілген мекен-жайы бойынша байқау марапаттары жіберілетін
болады).

Байқау қатысушыларына табысталады:
* «ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты төсбелгісі;
* Төсбелгіні куәлендіретін куәлік;
* «ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» атты статуэткасы;
* Құрмет грамотасы;
* Қатысушыға қолдау көрсеткені үшін мекеме басшысының атына Алғыс хат беріледі.

Байқаудың марапаттау рәсімі Астана қаласында конференция түрінде өтеді. Қорытынды конференция бағдарламасы іріктеліп алынған қатысушыларға жіберіледі. Қорытынды конференция барысында елімізге белгілі тұлғалардың қолынан арнайы марапаттар мен төсбелгі табысталады. 

Ұйымдастыру алқасының сайты: https://bilim-ork.kz/

Электронды почта: astana_2024kz@mail.ru

Инстаграм паракшасы: @bilim_orkeniety

Ұйымдастыру алқасы:
+7 747 687 71 62, +7 747 702 52 62, +7 707 142 74 40

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: