Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Жұма, 22 қараша, 04:31

Мен өмірді қалаймын!

11.11.2024

278

0

Мен өмірді қалаймын, нұрға толы,

Әр күніне жақсылық сыйлап жолы.

Күн шуағы төгіліп жанға қуат,

Табиғатым құшағын жайып нұры.

Көк аспанның астында үміт етем,

Арман қуып, әр таңды күліп өтем.

Жаңбыр жауса жанымды тазартқандай,

Әр демімнен өмірдің лебін сезем.

Достарыммен бөлісем шаттық сырды,

Жүрегіме орнаған мейірім нұрлы.

Отбасымның жанында жүрек тыныш,

Олармен бірге өмірім мәнге толы.

Жалағаш ауданы, Таң ауылы

№118 орта мектептің 9 а сынып оқушысы

Айзере Бақытбек

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: