Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Бейсенбі, 21 қараша, 16:31

10 айлық сараланды

19.11.2024

124

0

Жалағаш ауданының аумағынан «Сырдария» өзенінің 84,5 шақырымы өтеді. Өзен бойында барлығы 96,5 шақырым қорғаныс бөгеті орналасқан. Оның ішінде оң жағалауында – 56, сол жағалауында – 405 шақырым. Сонымен қатар Қараөзек арнасының 48 шақырымы өтіп, онда 8,3 шақырым қорғаныс бөгеті бар. Су басу аймағында шамамен 70 мың гектар жер, оның ішінде 5300 гектар ауыл шаруашылығы жері, 100 шақырым электр және байланыс желісі, 50 шақырым темір жол, 50 шақырым автокөлік жолы орналаскан. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Еркін Назарқұлов мәлімдеді.

Спикер су басу қаупі бар учас­келерден тұрғындарды көшіру үшін 4 эвакуациялық жинақтау, 10 эвакуа­ция­лық қабылдау бекетінің орындары бе­кітілгенін айтады. Сондай-ақ Сырдария өзеніне жақын орналасқан су алу қаупі бар 4 елді мекен орналасқанын тілге тиек етті. Атап айтқанда, олардың қа­тарында Ақсу, Мөрәлі Шәменов, Таң, Далдабай елді мекендері бар. аталған елді мекендер тұрғындарының 2024-2025 жылдардағы болуы ықтимал су тасқынының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1072 үй, 5367 тұр­ғыннан мәлімет алынған. Сонымен қа­тар мал шаруашылығы қожалықтары мен тұрғын үйлері аралап, түсіндірме жұ­мыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылған.
Биыл 21 қазанда аудан әкімінің орын­басары Ә.Байнахатовпен 2024-2025 жылдардың қыс-көктем кезең­деріндегі Сырдария өзенімен келетін мол суды қауіпсіз өткізуге дайындық жұмыстарын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары, Сырдария өзенімен мол су, сең жүру кезеңінде өзен бойында қауіпті учаскелерге бекітілген жауапты ме­кемелердің кезекшілік кестесі бекітілген. 30 қазанда өзен бойында орналасқан қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасары, «Жалағашсушар» мекемесінің бас­шы­сы және аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен Сырдария өзенінің бойындағы қауіпті 13 учаскеге мониторинг жұмыс­тары жүргізілген.
Бөлім басшысы суға түсу маусымы кезінде атқарылған жұмыстарды да кеңінен тарқатты. Сөзінше, бұл ба­ғыт­тағы жұмыстар өз нәтижесін берген. Мә­селен, жыл басынан бері бөлім қыз­меткерлері судағы қауіп-қатердің алдын алу мақсатында тұрғындар ара­сында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде биыл маусымында қай­ғылы оқиғалар орын алған жоқ. Былтыр 3 қайғылы жағдай орын алған болатын. Оның 1-еуі бала болса, 2-еуі – ересек адам.

– Биыл 10 айда ауданда су ай­дындарында 150-ден астам патрульдеу және рейдтік шаралар жүргізілді. ҚР ӘҚБтК 412-бабына сәйкес белгіленбеген орындарға суға түскен жеке тұлғаларға 4 әкімшілік хаттама толтырылып, 51 688 теңге айыппұл салынды. Ауданда орналасқан су айдындарында 18 суға шомылуға қауіпті учаскі белгіленген, бұл учаскілерде 45 ескерту тақтайшасы мен 11 билборд орнатылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің тапсырмасына сәйкес, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары бас­сейндерде тегін суға шомылу бойын­ша аудандық төтенше жағдайлар бө­лімі мен «Бодыбай Құлтекенов» атын­дағы Жалағаш аудандық жабық бас­сейні арасында екіжақты өзара ын­ты­мақтастық туралы меморандум жа­салды, бұл жұмыстар да өз нәтижесін берді, – дейді Еркін Назарқұлов.
Бөлім басшысы ауданда 27­ көп­пәтерлі екіқабатты үй барын ай­тады. Ба­лалардың жазатайым тере­зе­ден құлау жағдайларының алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы ор­ган­дар, аудан­дық жастар рессурстар орталығы жа­нынан құрылған еріктілермен тү­сін­­дірме жұмыстарын жүргізілген. Об­лыс­­тық төтенше жағдайлар департа­ментінің және аудан әкімдігінің Face­book, Instagram парақшаларына 19 мақала жа­рияланған. Ал «Жалағаш жар­шы­сы» газетінде 3 мақала жа­рық көр­ген. Аудандық білім бө­лімі ар­қылы ау­­данда орналасқан бар­лық білім беру ұйымының, ата-аналар­дың Whats­­App топтары арқылы ескертпе бей­нероликтер әзірленіп, таратыл­ған.
Жыл басынан бері орман шаруа­шылығының аумағындағы өрттердің алдын алу және шұғыл ден қою мақсатында 3 рет өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілген. Сонымен қатар орман өртінің алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстарының нәтижесінде орман алқаптарында ашық от көзін пайдаланған 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 367 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 18 460 теңге айыппұл салынып, уақытылы өндірілген.
Биыл 10 айда ауданда 15 өрт оқи­ғасы тіркелді. Алдыңғы жылмен са­лыстырғанда 63 пайызға азайып отыр. Салдарынан 1 адам қаза тауып, 1 адам жарақат алған. Өрттен келген ма­териалдық шығын 5млн 127 мың теңгені құрайды.
– Облыстық төтенше жағдайлар де­партаменті бастығының бұйрығына сәйкес, адамдардың қаза болуын және жарақат алу қауіп-қатерін азай­ту мақсатында аудандық төтенше жағ­дайлар бөлімі, аудандық №11 өрт сөндіру бөлімі, аудандық полиция қыз­меткерлері, еріктілер және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, ха­лық арасында тұрмыстағы электр және жылыту қондырғыларын, жылыту пештерін қолдану, балаларды қараусыз қалдырмау, пеш мұржаларын тазарту жөнінде үнпарақтар таратып, үгіттеу-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. 2024-2025 жылдардағы жылу беру мау­сы­мында аудан гарнизонының қыз­мет­керлерімен үгіттеу-түсіндіру жұ­мыс­­­тары кезінде 1727 тұрғын үйдің 9141 тұрғынына түсіндірме жұмыс­та­ры жүргізіліп, 2250 жадынама тара­тылды, оның ішінде әлеуметтік осал топ­тарына жататын 116 отбасының ті­зімі алынып, оларға 116 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик орнатылды. Негізінен кез келген төтенше жағдайдың алдын алуда түсіндірме жұмыстары маңызды рөл атқарады. Менің бұл бағытқа ерекше тоқталып отқаным да сондықтан, – дейді спикер.
Бөлім басшысы мекеме қызмет­керлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша да арнайы жиын­дар, дөңгелек үстелдер ұйым­дас­тырылатынын жеткізді. Ол кез келген салада сыбайлас жемқорлық орын алмауы қажет деп есептейді. Себебі бұл ұстаным дамыған елдер қатарына қосылуда ерекше маңызға ие деп біледі.
– Кез келген салада сыбайлас жемқорлықтың алдын аул керек. Қоғам дерті жайлаған, көрініс тапқан салада даму, ілгерілеу мүлде болмайды. Біз оған қарсы шараларды да ұйымдастырамыз. Бөлім қызметкерлеріне сыбайлас жем­қорлықтың зиянын, зардабын түсіндіріп, одан өздерін аулақ ұстауға шақырамыз. Себебі бұл елімізді дамыған елдер қатарынан көруде маңызды рөл ат­қарады, – дейді Еркін Назарқұлов.
Брифинг соңында спикер БАҚ өкіл­дерінің де бірқатар сауалын жауап­сыз қалдырмады. Сондай-ақ ол ауданда төтенше жағдайлардың алдын алуда, онымен күресуде ұжымның аянбай еңбек ететінін тілге тиек етті. Бастысы, «халық сақтанса, сақтайтынын қапер­ден шығармаса» дейді.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: