А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде заманауи би өнерін насихаттаушы жас дарын Тұржан Сұлтанбектің жетекшілігімен құрылған «ORDA DRIVE» би үйірмесінің өнер өлкесіндегі 7 жылдық белесіне арналған «BOLASHAQQA QADAM» атты шоу концерті өтті.
Кеш барысында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов құттықтау сөз сөйлеп, жас өнерпаздарға алғыс хаттар табыстады.
Жиылған жұртшылықтың ықыласына бөленген кеш қонақтары «Арайлы» би тобы, «Ақмарал» би студиясы, «SAMRUK dance» би тобы, «QOSYL PRO» кіші би топтары және әншілер Елжан Берстембаев пен Далида Асылбекқызы әуезді ән шырқап көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қызылорда қалалық мәдениет бөлімі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!