Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 18:18

Қызылорда облысында реттелетін қызметтерге тарифтер төмендетілді

24.12.2024

94

0

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2022 жылғы тарифтік сметалар мен қабылданған инвестициялық міндеттемелердің орындалуы жөніндегі есептерді талдау қорытындысы бойынша Департаменттің бұйрықтарымен 14 табиғи монополия субъектісіне қолданыстағы тарифтерді 0,1% – дан 47,7%-ға дейін төмендете отырып, 20 уақытша өтемдік тарифтер бекітілді, онда тұтынушыларға келтірілген залалды қайтару қаражат сомасы шамамен 523,38 млн. теңгені, оның ішінде реттелетін салалар бойынша:

– жылу энергетикасы-1 субъектіге 3,04 млн. теңгені;

– электр энергетикасы – 1 субъектіге 123,92 млн. теңгені;

– кірме жолдар-8 субъектіге 12,33 млн. теңгені;

– сумен жабдықтау және су бұру – 3 субъектіге 351,82 млн. теңгені;

– газ тасымалдау- 1 субъектіге 32,27 млн.теңгені құрады.

Мысалы, уақытша өтемдік тарифтер ҚҚС-сыз:

– «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалы (бұрын «Нұра топтық су құбыры» РМК «Арал» БЖСБ филиалы) суды магистральдық құбырлар мен тарату желілері арқылы беру қызметіне тариф 1 м3 үшін 492,22 теңгеден 468,59 теңгеге дейін немесе 4,8 пайызға, суды тарату желілері арқылы беру қызметіне тариф 1 м3 үшін 421,22 теңгеден 377,48 теңгеге дейін немесе 10,4 пайызға төмендетіліп;

– «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру қызметіне тариф 1 кВт.сағатқа 7,206 теңгеден 7,08 теңгеге дейін немесе 1,75 пайызға төмендетіліп;

– «Қызылорда газ тарату жүйесі» КМК-ның тауарлық газды бөлшек саудада өткізу қызметі бойынша Қызылорда облысы Жалағаш және Жосалы кенттерінің тұтынушылары үшін тариф 1000 текше метр үшін 7446 теңгеден 7145 теңгеге немесе 4,04 пайызға, Қызылорда облысы Тереңөзек кентінің тұтынушылары үшін тариф 7431 теңгеден 6997 теңгеге немесе 5,84 пайызға төмендетіліп;

– «Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-ніңкірме жолдар қызметіне тариф   1 вагон/сағатқа 1355,90 теңгеден 799,76 теңгеге немесе 41,02 пайызға төмендетіліп;

– «Жаңақорған-Құрылыс-2010» ЖШС-несарқынды суды бұру қызметінетариф 1 м3-ге76,34 теңгеден 59,71 теңгеге дейін немесе 21,8 пайызға төмендетіліп бекітілді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды

  реттеу комитетінің Қызылорда

облысы бойынша департаменті

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: