Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 13:47

Қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс

04.02.2025

40

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйым­дар­дың барлығында цифрландыру бағытындағы мо­бильді қосымшаны қолдануды жалғастыру, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз ету мәселелері тал­қыланды. Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.
Осы орайда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов мек­тепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағы­тындағы мобильді қо­сымшаны қолдану және мем­лекеттік мектепке дейінгі ұйым­дардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қам­тамасыз ету мақса­тында мониторингтік жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында сала бойынша құрылған топ балабақ­ша­лардың қаржысының қолданыстағы нор­ма­тивтік талап­тар­ға сәйкес игерілуін зерделеді. Сонымен қатар заң бұ­зушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орында­маған өнім берушілермен мониторингтік ұсыным­дарын негізге алып, келісім-шарттарды бұзу қажет екен­і ескертілді.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: