Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 14:51

Баға қатаң бақылауда

04.02.2025

59

0

Азық-түлік бағасы неге құбылып тұр? Көптің көкейіндегі сауал осы. Оған қоса соңғы уакытта кәдімгі картоп бағасының шарықтауы халықты алаңдатуда. Алайда бүгінде аталған өнімнің бағасы тұрақталған. Ал атқарушы билік өкілдері әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасының негізсіз өсуіне жол бермейтінін айтуда.

Иә, облыста азық-түлік тауарла­ры­ның бағасын тұрақтандыру қатаң ба­қылауда. Өйткені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлерінің қымбаттауына жол бермеу үшін тұрақты мониторинг жүргізілуде. Жалпы, өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның тұ­рақтандыру қоры үйлестіреді.
Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында жалпы 3852,5 тонна азық-түлік өнімдері сақталып, сатылуда. Оның ішінде 854,6 мың тауық жұмыртқасы, 926,4 тонна картоп, 29,6 тонна қарақұмық жармасы, 3 тонна қырыққабат, 370,9 тонна пияз, 48,5 тонна макарон өнімдері, 58,7 тонна күнбағыс майы, 188,1 тонна сәбіз, 352 тонна ұн, 332,8 тонна күріш, 1507,5 тонна қант, 36,8 тонна тұз бар. Бұдан бөлек алдағы уақытта тауар өндірушілермен келісімшартқа сәйкес өңірге 2712,3 тонна картоп жеткізіледі.
Бүгінде халықты алаңдатқан картоп­тың бағасы едәуір түсті. Сөзіме негіз болсын, тұрақтандыру қорындағы 926,4 тонна картоп 37 әлеуметтік дүкендерде 143 теңгеден, 21 үй жанындағы дүкендер мен 10 нан астам ірі сауда үйлерінде 158 теңгеден сатылуда. Облыс орта­лығындағы «Сыбаға» ба­за­рында тұрақ­тандыру қорының көлігі және «Мирас» сауда қоймасында ке­лі­сімге сәйкес кар­топ 200 теңгеден сатылуда.
Бүгінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кә­сіп­керлік корпорациясы мен 10-ға жуық ірі супермаркеттер арасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұ-рақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде келісімдер жасалған. Келісімшарт не­гізінде халыққа азық-түлік өнімдері шекті бөлшек бағамен арнайы «Әлеу­мет­­тік бұрыштар» арқылы ұсыны­луда. Яғни «Small», «Кызылорда Оптомар­кеті», «Анвар», «Ажар», «Алатау» супер­маркеттерінен сатып алуға болады. Бұл сөрелерде картоп 158 теңге, сәбіз 132 теңге, басты пияз 115 теңге, қырыққабат 126 теңге, нан 65 теңге, қант 398 теңге, өсімдік майы 590 теңге, 1 сортты ұн 135 теңге, күріш 365 теңге, макарон 275 теңге, тұз 40 теңгеден сатылуда.
Қазіргі таңда Жалағашта баға тұ­рақты. Ауданда әлеуметтік маңы­зы бар азық-түлік тауарлары баға­ларының не­гізсіз өсуін қадағалау мақ­са­тында жер­гілікті билік және қоғам­дық кеңес өкілдерімен мониторинг жұ­мыстары жүргізілуде.
Мұнан бөлек аудан әкімдігі тара­пынан «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіп­керлік корпорациясы» акционерлік қо­­­­­­ға­мымен келісімшарт жасалып, тұ­рақ­­­тандыру қорынан кар­топ жет­кізіл­ді. Қазіргі таңда Жа­лағаш кен­тінде Аман­гелді көшесі бойын­дағы «Шоқан», Сәрке батыр көшесі бо­йындағы «Нұрбек» сауда үйлерінде кар­топ өнімі халыққа ар­зан бағамен сатылуда.

Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: