Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 15:00

Қармақшы қарқынды құрылыс алаңына айналды

04.02.2025

36

0

Былтыр Қармақшы ауданында жеке тұрғын үйлерге мұқтаж әлеуметтік осал топтарына және кезекте тұрған азаматтарға 156 пәтер сатып алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек баяндады.

«Ауданда халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету көрсеткішін арттыру мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында спорт кешендерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Ал, Ақай ауылындағы дене-шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы пайдалануға берілетін болады. 2024 жылы елді мекендерге заманауи 5 балалар және спорт алаңын салуға 105,4 млн теңге қаралып, алаңдар салынды. Соңғы 2 жылда аудан көлемінде 17 дана балалар және спорттық ойын алаңындары орнатылып, пайдалануға берілді» – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан әкімінің айтуынша 2024 жылдың қаңтар айында Дауылкөл, Ақжар және Жаңажол ауылдық округтерінде дәрігерлік амбулаториялар салынып, пайдалануға берілген. Ал, 2024 жылдың желтоқсан айында Қуаңдария және Қармақшы ауылдарында фельдшерлік-акушерлік бекеттерінің құрылысына бюджеттен 416,9 млн. теңге қаралып, жұмыстары жүргізілген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: