Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күні қарсаңында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұлов бастаған бір топ қызметкер, сала ардагерлері 2008 жылы 28 ақпанда «МИ-8» тікұшағының құлауы салдарынан қаза болған азаматтарға арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, құран бағыштады. Қаза болған әріптестерін еске алу үшін алдымен 1 минут үнсіздік жариялады.
Мұнан кейін сала ардагерлері мен құтқарушылар әріптестерінің ерлігі жайында естеліктер айтып, олардың өнегелі өмірі қашанда жастарға үлгі болатынын жеткізді.
– Азаматтық қорғау органында аянбай қызмет еткен облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары болған әріптесіміз, полковник Қазбек Төреманов та сол оқиға кезінде қаза болған еді. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталады, – деді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Еркін Назарқұлов.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!