Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 18:58

Рыбакина «Үлкен дулыға» турниріндегі жеңісі үшін 1 млрд теңгеден астам сыйақы алады

10.07.2022

572

0

2022 жылғы «Үлкен дулыға» додасында топ жарған қазақстандық Елена Рыбакина бағалы олжадан бөлек қомақты жүлделерге ие болмақ. Биылғы чемпионатқа 2 млн фунт стерлинг (1 145 240 000 теңге) сомасында чек беріледі.

Өкінішке қарай, Елена Рыбакина осы соманы бүтіндей еншілей алмайды, өйткені Ұлыбританияда шетелдік спортшыларға тағайындалған жүлде қорының 40-тан 50% – на дейінгі көлемде салық бар.

Сондай-ақ, қазақстандық теннисші Wimbledon-нан кейін әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына да кіре алмайды. Өйткені Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) бірнеше ай бұрын теннисшілерге Wimbledon-да өнер көрсеткені үшін рейтинг бойынша ұпай тағайындамау туралы шешім қабылдады.

«Бұл – ерекше сезім. Матчқа дейін және оның барысында да қатты қобалжыдым. Ішім алай-дүлей. Қарсыласыма керемет ойыны үшін алғыс айтамын. Көрермендерге де рақмет. Олардың алдында өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе, мұндағы атмосфера керемет. Турнирдің екінші аптасында да төбе көрсетемін деп ойламадым, ал турнирдің жеңімпазы болу – мүмкін емес жағдай секілді, әлі сене алмай тұрмын. Қазіргі сезімімді сипаттау үшін сөз таппай тұрмын. Командама да көп рақмет, оларсыз мен бұл биікке көтеріле алмас едім. Үйдегі мен үшін тақымын қысып отырған ата-анама жасаған бар жақсылығы үшін рақмет!»- деді Елена Рыбакина.

Zakon.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: