Аққырлықтар ауыл әкімінің сайлауында белсенділік танытуда. Сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келген Қостанбаев төбесі көшесінің тұрғындары өз таңдауын жасады.
Иә, ауылда әкім сайлауымен қатар Наурыз мейрамы өтіп жатқандай. Жергілікті жұрттың көбісі сайлау учаскесіне ұлттық киіммен келіп, бір-бірін мейрамымен құттықтауда. Осылайша ауылдағы саяси науқан керемет көңіл-күйде өтуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!