Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сенбі, 22 наурыз, 17:05

Қазақстанда газды сатудың жаңа ережелері белгіленеді

21.03.2025

107

0

Қазақстанның Жоғарғы аудит палатасы елде халыққа арналған газ бағасын бақылау қатаңдатылғанын хабарлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді мемлекет газ сатумен айналысатын барлық компанияның бағасын реттейтін болады. Бұрын, 2017 жылдан бастап, кейбір компаниялар газды қымбат бағамен сатып, қосымша пайда табуға мүмкіндік алған, себебі олардың қызметі бақылауға алынбаған.

Аудиторлар заңнамадан осындай компанияларға шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін олқылықтарды анықтады. Бұл мәселені шешу үшін заңнаманы өзгерту ұсынылды.

Енді мемлекет газ сатумен айналысатын барлық компанияның бағасын реттейтін болады. Бұрын, 2017 жылдан бастап, кейбір компаниялар газды қымбат бағамен сатып, қосымша пайда табуға мүмкіндік алған, себебі олардың қызметі бақылауға алынбаған.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап газды таратуға жауапты барлық компания мемлекеттік баға белгілеу ережелерін сақтауға міндетті болады. Бұл газ бағасын барлық тұтынушылар үшін әділ етуге көмектеседі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: