Биыл Қызылорда облысында ұзындығы 348 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін және көшелерді жөндеуден өткізу жоспарланған. Ол үшін республикалық және облыстық бюджеттен барлығы 18,5 млрд. теңге бөлініп отыр.Бүгінгі күні 104 шақырым жол желісі жөндеуден өткізіліп, 4,7 млрд. теңгесі толық игерілді. Бұл туралы аймақ басшысы облыстық мәслихаттың кезекті 17-ші сессиясында мәлімдеді.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жоспарланған 13 млрд. 272 млн. теңге қаржыға 104 км. жол салынды. Ал, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі4 шақырымды құрайтын магистралды көшенің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
«Облыстық бюджеттен «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 69 млн. теңге бөлініп, Арал қаласының 10 көшесі және Қазалы қаласының 10 көшесі қайта жаңғыртудан өткізілуде.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 1 млрд. 594 млн. теңге бөлініп, 14 жобаның құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, облыстық бюджеттен Қызылорда қаласы мен облыс аумағында кент, ауылдық округтердің 50 шақырымболатын көшелерін жөндеу жұмыстарына 3 млрд. 345 млн. теңге бөлінді», деді аймақ басшысы.
Өткен жылдың қорытындысымен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайы белгіленген индикаторлық көрсеткіш – 75 пайызға жеткізілген. 2022 жылы бұл индикаторлық көрсеткішті 82 пайызға жеткізу көзделіп отыр.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!