Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 06:50

Талапкерлер ЖОО-ға түсу үшін құжаттарды үйден шықпай-ақ тапсыра алады

13.07.2022

532

0

Заманауи ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызмет түрлерін онлайн режимде алу мүмкіндігін кеңейтуде. Пандемия жағдайында университетке бетпе-бет байланыссыз құжаттарды тапсырудың бірнеше тәсілдері әзірленіп, сынақтан өтті.

Жоғары оқу орындарының талапкерлерді виртуалды қабылдауы ең сенімді тәсілдерінің біріне айналып отыр. Өткен жылы шалғайдағы ауылдардың мыңдаған түлектерінің құжаттары қабылданды.
Биылғы жылы жоғары оқу орындары виртуалды кеңселерін қайта ашты және қабылдау комиссиялары алғашқы жұмыс күндерінен бастап өтініштерді онлайн қабылдауға әзір. Мұнда университет қызметкерлері кеңес береді және бейне байланыс арқылы құжаттарды қабылдайтын болады.

Қызмет көрсетудің тиімділігі мен жылдамдығын арттыру мақсатында сондай-ақ, ауа райының аптап ыстығы жағдайында қызметкерлердің штаты кеңейтілді. Қызмет көрсетуге студенттер қатарынан еріктілер тобы тартылуда. ЖОО-ның басшылығы қабылдау комиссиясына толық дайындығы туралы мәлімдеді.

Биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 13-20 шілде аралығында жүзеге асырылмақ. Сондықтан Egov электронды үкімет порталындағы уақытша олқылықтар талапкерлердің қызмет көрсету сапасына және құжаттар тапсыруына еш кері әсерін тигізбейді.

Университеттер мен виртуалды қабылдау комиссиялары үшін барлық қажетті байланыс ақпараттары Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында орналасқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: