Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

21°C

, Сенбі, 19 сәуiр, 17:36

Тамақтан уланудын алдын алу

16.04.2025

217

0

Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады.

Тамақтан улану – ауру адамнан сау адамға жұқпайтын, кейбір микроорганизмдердің белгілі бір түрімен жаппай тұқымданған, табиғаты микробты немесе микробсыз, органикалық не органикалық емес уытты заттардың тамаққа түсуінен туындайтын жедел (кейде созылмалы) ауру. Тамақтан улану жедел, аяқастынан басталады. Азық-түлікке аз мөлшерде түрлі уытты заттардың түсуінен болады.

Тамақтан улану 2 топқа бөлінеді: микробты және микробсыз.

Микробты улануға токсикоинфекция, токсикоздар, этиологиясы аралас (микс) жатса, ал микробсызға табиғатынан улы және белгілі жағдайда улылық қасиетке ие өнімдермен болатын улану жатады. Табиғаты микробты және микробсыз тамақтан уланулар санитариялық-гигиеналық және санитарлық эпидемияға қарсы норма мен ережелер қадағаланбауының нәтижесінде туындауы мүмкін.

Табиғаты бактериалды тамақтан улану – белгілі микроорганизмдердің тірі қоздырғыштары немесе олардың тіршілік өнімдерімен (токсиндері) зараланған асты тұтынғаннан кейін туындап, организмнің әлсіз не айқын улану белгілерімен өтетін ауру.

Тамақтан уланудың жалпы сипаты: Олардың пайда болуы ас ішуімен тікелей байланысы;белгілі таралу жолының болмауы; ас қорыту жолының гастроэнтериті; Әлсіз организм улануымен өтеді. 

Тамақтан уланудың профилактикасы

1.Қауіпсіз тамақ өнімдерін таңдау.

2.Тамақты дайындау технологиясын сақтау.

3.Пісірілген тамақты бірден пайдалану.

4.Азық-түліктерді мұқият сақтау.

5.Алдын ала дайындалған тамақты мұқият қыздыру.

6.Шикі және піскен тамақ өнімдерін қатар сақтамау.

7.Қолды жиі жуып тұру.

8.Ас үйді таза ұстау.

9.Таза суды пайдалану.

10.Тамақты жәндіктер мен кеміргіштерден аулақ сақтау.

Ас ішу арқылы өзімізге керекті витамин, белок секілді органикалық заттарды тұтынамыз. Бірақ тағамдарымызды пайдаланбас бұрын оның сапасына, құрамына, пайдалану мерзіміне қараған жөн.

Г.Айымбетова – аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: