Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заңына қол қойды.
Сот төрелігіне қол жеткізуде соттардың шешіміне кассациялық тәртіппен щағымдану мүмкіндігін беру маңызды.
Кассациялық соттар төменгі сатыдағы соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне шағымдар бойынша істерді қарайды. Олардың негізгі міндеті- бірінші және апелляциялық сатыдағы судьялар қабылдаған сот шешімдерінің заңдылығы мен дұрыстығын тексеру. Дербес кассациялық соттардың құрылуы көптеген мәселелерді тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Ең алдымен бұл институт азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтады.
Себебі, өз мүддесін сот арқылы қорғау әрбәр азаматтың Конституция бекіткен құқығы. Ал бұған дейінгі «таңдап қарау кассациясы» азаматтардың осы құқығын шектеген еді. Жаңа өзгеріс олқылықтың орнын толытырып, істерді «жаппай қарау кассациясын» тәжірибеге енгізумен құнды болып отыр.
Кассациялық соттар сот жүйесінің маңызды элементі болып табылады.
Оның негізгі функциясы шешімдердің дұрыстығыын тексеруге бағытталған. Кассациялық сот істі мәні бойынша қарамайды, дәлелдемелерді бағаламайды, тек құқық нормаларын қолданудың дұрыстығын тексереді.
Егер төменгі соттардың жіберген қателіктері анықталса кассациялық сот олардың шешімін жоюы немесе өзгертуі, істі жаңаа қарауға жіберуі немесе жаңа шешім шығаруы мүмкін.
Кассациялық сот әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарып, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау, сот шешімінің заңдылығын қаматамсыз ету мақсатында қызмет етеді.
Жалағаш аудандық сотының
бас маман Г.Ш.Байкенжеева
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!