Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

16°C

, Жексенбі, 20 сәуiр, 01:43

ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ЖЕҢІС РУХЫНА АРНАЛҒАН АҒАШ ОТЫРҒЫЗУ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ 

19.04.2025

62

0

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, сондай-ақ «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында орталық алаңда ағаш отырғызу шарасы өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудандық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері, этнос өкілдері, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары мен ерікті жастар қатысты.

Акция барысында орталық алаң аумағына жалпы саны 300 түп ағаш көшеті отырғызылды. 

Аудан әкімі Ардақ Ибраимов бұл шара тек табиғатты көркейтуге бағытталған экологиялық бастама ғана емес, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтың нақты көрінісі екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға және экологиялық жауапкершілікті арттыруға шақырды.

Іс-шара соңында аудан әкімі егілген көшеттерге күтім жасау, аяқсудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етуді тиісті сала басшыларына тапсырды. 

Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: