Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-6°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:24

Спорттық сауықтыру кешені қыркүйек айында берілу жоспарлануда

13.07.2022

758

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мұстафаева Қаншагүл, аудандық партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқарова Қанбибі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Кенжебаев Ахандар Жалағаш кенті орталығындағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысына зерделеу жұмыстарын жүргізді.


2021 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы тиісті қаражат қарастырылған. Қазіргі таңда Мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде «СКЗ Инжиниринг» ЖШС ұтып алып, құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жалағаш ауданы бойынша Жол картасында көзделген бұл нысан 2022 жылдың қыркүйек айында пайдалануга беруді жоспарлауда.


Бұқаралық спортты дамыту және халықты спортпен шұғылданушылардың санын арттыру мақсатында салынып жатқан бұл нысан аудандық маслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясы мен партиялық бақылау комиссиясының назарында болып, мониторинг жұмыстары жалғасатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: