Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Қызылорда облысында “Қазақстан – Достық мекені” атты форум ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында қатысушылар үшін Қызылорда қаласына арнайы экскурсия жүргізілді. Алғашқы аялдама – “Анаға тағзым” орталығы болды, мұнда тағылымды дәрістер тыңдалып, қала тарихымен танысуға мүмкіндік берілді. Қаланың ел астанасы болғанына 100 жыл толуына орай, тарихи-мәдени экскурсия ұйымдастырылды. Жаңартылған Орталық алаңымен танысқан қонақтар, “Достық үйі” ғимаратында экскурсия жасап, этномәдени бірлестіктердің жұмыс кабинеттерімен танысты. Экскурсия барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған бейнеролик Лэд экраннан көрсетілді.

Келесі кезеңде дөңгелек үстел форматында мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өңірдегі белсенді этнос өкілдерімен кездесіп, достық пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған бастамалар талқыланды. Дөңгелек үстелде “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, еліміздегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайтудағы маңызды қадамдарды атап өтті.
Шара қорытындысында Жалағаш ауданындағы белсенді этнос өкілдері Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюповтың Алғыс хатымен марапатталды.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!