Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сейсенбі, 29 сәуiр, 23:48

Ауылға барған дәрігерлерге 8,5 млн теңге беріледі

29.04.2025

75

0

Бүгін, 29 сәуірде Үкіметте өткен отырыста ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдық жерлердегі медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңге көлемінде ынталандыру төлемі берілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда ауылдық жерлерге жұмысқа келетін аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне біржолғы ақшалай төлемді көздейтін норма іске асырылып жатыр. Оның мөлшері – 8,5 млн теңге.

Сонымен министрдің айтуынша, ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау мамандарына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мақсатында әлеуметтік кепілдіктер мен ынталандырушы төлемдер пакеті кеңейтілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: