Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

18°C

, Сенбі, 10 мамыр, 03:47

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуы басты назарда

08.05.2025

45

0

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын сақталуын, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақталуын, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады

Өз кезегінде, Департаментпен мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына тақырыптық талдау жүргізілді.

Талдау орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, жергілікті атқарушы және жергілікті өкілді органдарымен ұсынылған ақпараттар негізінде жүргізіліп, талдаумен іссапар шығындарын төлеу талаптарының сақталуы қамтылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы
№256 қаулысымен бекітілген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)
6-тармағында іссапарға жiберiлген қызметкерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақы беріледi. Іссапардан оралғаннан кейiн қызметкер бес жұмыс күнi iшiнде іссапар бойынша шығыстар туралы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, іссапар туралы есеп береді делінген.

Дегенмен, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, жергілікті атқарушы мемлекеттік және жергілікті өкілді органдары тарапынан бұл бағытта Қағидалардың талаптары сақталмайтындығы белгілі болып, 48 116 мемлекеттік қызметшілерге іссапарға кетер алдында жол жүру ақысы, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалары және тәулiкақы төленбегендігі белгілі болды.

Сонымен қатар, ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 57-бабында мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақы шығыстары өтелуге жататындығы айқындалған.

Алайда, талдау барысында кейбір орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, жергілікті атқарушы мемлекеттік органдары тарапынан бұл бағытта Қағидалардың талаптары сақталмайтындығы белгілі болып, 71 мемлекеттік қызметшілерге іссапар шығыстары мүлдем төленбегендігі анықталды.

Осыған орай, Департамент тарапынан мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерінің сақталуына жүргізілген тақырыптық талдау қорытындысы Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесте тыңдалды.

Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің шешімімен іссапарға жiберiлген мемлекеттік қызметшілерге iссапарға кетер алдында жол жүру ақысын, тұрғын үй-жайды жалдау бойынша шығыстарды төлеуге тиесiлi сомалар және тәулiкақысының уақытылы және іссапар шығындарын төленуін қамтамасыз ету жөнінде Қызылорда облысының орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, жергілікті атқарушы және жергілікті өкілді органдарына ұсынымдар енгізілді.

Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Қызылорда облысы

бойынша департаментінің

бас маманы

Н.Ж.Алиев                         

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: