Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сәрсенбі, 14 мамыр, 22:06

Жобаларды қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мәселесі қаралды

14.05.2025

21

0

Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен «Ауыл Аманаты» жобасы аясында қаржыландырылатын жобалардың жүзеге асу барысы және жұмыссыздықты азайту мәселелері бойынша мәжіліс өтті.

Ағымдағы жылы аталған жоба аясында облыстан 379,7 млн теңгені құрайтын 66 жобаны қаржыландыру жоспары бекітілген.

Бүгінгі күнге дейін жалпы сомасы 83,9 млн теңге болатын 19 жоба қаржыландырылды. Құны 25,5 млн теңге болатын 3 жоба қаржыландыруға ұсынылған.

Мәжілісте жобалардың әр ауылдың ерекшеліктеріне сай бағытталуы, уақтылы іске асырылуы және жаңа жұмыс орындарының құрылуын басты назарда ұстау қажеттігі айтылды.

Мәжіліс қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына және ауыл әкімдеріне жобалардың уақытында әрі сапалы орындалуын, олардың нақты нәтиже беруін және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға бағытталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: