Аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысты.
Лагерьдің ас мәзірі, жатын орындар, ойын алаңдарының жай-күйі тексеріліп, қызмет сапасын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
«Ақтерек» лагерінде биылғы ауысым бойынша 452 баланың демалысы жоспарланған. Оның ішінде 402 бала – міндетті оқу қоры, 50 бала – кәсіподақ есебінен қамтылады. Ауысым ұзақтығы – 10 күн.
Жаңа маусымға дайындық аясында лагерьге 5,6 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, санитарлық талаптарға сәйкес қосымша 4,9 млн теңгеге қажетті жабдықтар сатып алынды.
Лагерь жұмысына мектеп мұғалімдері мен қосымша білім беру ұйымдарының қызметкерлері тартылып, үйірмелер мен мәдени-спорттық іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.
«Ақтерек» сауықтыру лагерінің жаңа маусымға дайындығымен танысқан аудан әкімі жауапты сала басшыларына жазғы демалыс науқанын уақытылы әрі сапалы ұйымдастыруды, балалардың қауіпсіздігі мен демалыс тиімділігін қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!