Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сейсенбі, 20 мамыр, 03:02

Қызылша

19.05.2025

11

0

Қызылша – жедел жұқпалы ауру. Негізгі белгілері: қызу көте­рі­ліп, теріде бөртпелер пайда болып, көзі қы­за­рып, тыныс ағза­ла­ры зақымданады. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Қызылша жасырын кезе­ңін­де 9-11 жалпы 15-21 күнге со­зы­луы мүмкін. Алғашқы бел­гі­лері: қызуы көтеріліп, әл­­сіз­деніп, та­маққа тәбеті нашарлап, мұр­ны­нан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұм­сақ және қатқыл таң­дайда теңбіл бөртпелер пайда бо­лады.

Қызылша бөртпелерінің ерек­­шелігі бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні бөртпелер денеде, қол, сан тері­лерінде, үшінші күні бал­тыр, аяқтарда шығады. Бөрт­пелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында та­за тері көрініп тұрады. 3-4 күн­нен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қа­быр­шықтар қалады. Қызыл­ша­ға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпік­те­рін ашудың қиындығы, мойын ар­тында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл есті­луі, кейбір науқастың іші ауы­рып, аздап өтуі мүмкін. Қызыл­ша асқынғанында ағзаның ор­­талық жүйке жүйесінің жұ­мысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады.

Аурудың алдын алу шара­лары; үй жайларын жиі желдету және ылғалды тазалау, нау­қас­тарды ерте, дер кезінде анық­тау (балалар, жүкті әйелдер) және егу жұмыстарын жүргізу.

Қызылша ауруын алдын алу үшін уақытылы егу жұмыстарын жүргізу, үйде қызылшамен ауыр­ған науқас болғанда қа­рым-қатынасты шектеу қажет.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, егу күн тізбегінде 1 және 6 жасқа толған балаларды қызамыққа, қызылшаға қарсы егу жүргізіледі. 30 жасқа де­йін­гі еліміздің барлық тұрғындары қы­замыққа, қызылшаға қарсы вакцина алуға болады.

2025 жылдың 4 айында ауданда 2 жағдай тіркелген. Науқастар 14 жасқа дейінгі балалар, 1-і вакцинацияланбаған бала.

Қызылшаның алдын алудың ең тиімді және сенімді әдісі вакцинация болып табылады.

Г.Айымбетова

аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: