Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

3°C

, Жұма, 22 қараша, 20:22

Бензин мен дизель отынының шекті бағасы бекітілді

15.07.2022

3436

0

14 шілдеде Қазақстан энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы, сондай-ақ мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын белгілеу туралы бұйрықтары күшіне енді. Бұйрықтар 180 күнтізбелік күн жарамды болады.

Бұйрықтарға сәйкес, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында Аи-92 және Аи-93 маркалы бензиннің шекті бағасы литріне 187 теңге болады, Қазақстанның басқа облыстарында баға 182 теңге деңгейінде сақталады.

Энергетика министрлігі екі облыстағы бағаны өзгертуге бөлшек сатушылардың мұнай өнімдерін өндіруші зауыттардан алыстығына байланысты логистикалық шығындар себеп болды деп түсіндірді.

«Мұнай өнімдері тізбесінен Аи-95 маркалы бензиннің бағасына мемлекеттік реттеу алынып тасталды, өйткені Аи-95+ және одан жоғары маркаларды өндіру кезінде қымбат тұратын импорттық қоспалар мен бензиндердің жоғары октанды компоненттеріне көп шығын кетеді. Импорттық қоспалар бағасы мұнай бағасына және ақша айырбастау бағамдарына байланысты құбылады», – деді энергетика министрі.

Дизель отынына шекті баға өзгеріссіз және Қазақстанның барлық өңірінде бұрынғы деңгейде сақталады. Яғни:

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Абай облыстарында – литріне 260 теңге;
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында – литріне 230 теңге.
Бұйрық жобалары «Ашық НҚА» сайтында 23 маусымда жарияланды және 2022 жылдың 8 шілдесіне дейін талқылау өтті. Одан бөлек аккредиттелген сараптамалық ұйымдармен келісу кезеңінен өтті, сондай-ақ қоғамдық кеңесте қаралды.

Sputnik Қазақстан

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: