Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 10:09

Өзгенің уақытын бағалаңыз

17.07.2022

494

0

Кейде адамдар өзгенің уақытын қалай бағаламайтынын байқай бермейді. Бірақ мына әрекеттерді жиі жасайтыныңызды байқасаңыз, өзіңіздің әр ісіңізге бір шолу жасап көріңіз.

  1. Үнемі кешігеді
    Әркімнің өмірінде форс-мажор жағдайлар болады. Бірақ әрқашан кез келген жерге кешігіп келетін адамдар болады. Әсіресе, кездесуден кейін өзге жоспарыңыз болса, оны кейінге шегеруге мәжбүр боласыз. Ондай жағдайда кешіккен адам емес, күте отырып, жоспарындағы өзгерістер үшін өзге адамның алдында ақталалып, ұялатын сәттер болады. 

Егер кешігетіңізді білсеңіз, алдын-ала хабарласып, кешірім сұрап, тағам тапсырыс бере беруін сұраған жөн.
Уақытында келу — дағды. Егер адам үнемі кешіксе, ескерту жасаудан қорықпаған дұрыс.

  1. Өзіне тапсырылған істі орындамау
    Күнделікті өмірде де, жұмыста да көп нәрсені командада жасауға тура келеді. Егер команда мүшелері өзіне тапсырылған міндетті уақытылы атқармаса, оны өзге адам өз жауапкершілігіне алады немесе команда болып зардап шегеді.  
  2. Манипулятор
    Манипуляторды бірден анықтау қиын, олар әдетте сіздің жанды жеріңізге тиеді. Өзінікі қате болса да, сіздің ішіңіздегі кінә сезімін оятады. «Сол да қиын болды ма?», «Әншейінде жасайсың ғой, мен дегенде жоқ дей қалады екенсің» дегенді достарыңыз, әріптестеріңізден ести бастаңыз, бірден оның сөзі де, ісі де дұрыс емес екенін айтқаныңыз абзал.
  3. Ескертуді ұмытатындар
    Кешігетін адамдардан да асып түсетіндер тізіміне келісімді белгілеген уақытта бұзатындар немесе ескертусіз жоғалып кететіндер. Мұндай жағдайды байқаусызда болған болса, сізді күткен адамнан бір әдісін тауып кешірім сұрағаныңыз жөн. Мысалы, кофе немесе түскі асқа шақыруға болады.

5. Тапсырманы нақты тұжырымдай алмайды
Күнделікті өмірде мұндай адамдармен кездеспеуіңіз мүмкін, бірақ тапсырыс берушімен жұмыс істейтін адамдардың өмірінде жиі кездеседі. Олар өздерінің не қалайтынын білмейді және бір үлгіні бірнеше рет түзетеді. Кейде бірнеше түзетуден кейін алғашқы нұсқаға қайта оралады. Сол себепті тапсырыс берушімен жұмысты бастамас бұрын қалайда болсын, оның қалауын біліп алыңыз. Макеттің түсі, мәтіні немесе өзге де детальға назар аударыңыз. Сонымен қатар, үш үлгіден артық ұсынбайтыныңызды ескертіңіз. Түзетулер үшеуден аспау керек. 

  1. Ескертусіз хабарласу, қонаққа келу
    Біреулер ескертусіз қоңырау шалу жеке кеңістікке қол сұғу деп есептейді. Телефонмен сөйлесу басқа нәрселерден бас тартуды, әңгімеге эмоционалды түрде қатысуды, кейбір шешім қабылдауды және уақытты бос өткізуді талап етеді.  Ол барлығына ұнай бермейді.

Ескертпеген сапарлар да жақсы емес. Сіз баратын жақын адамыңыз болса да, алдын-ала ескертіп қойыңыз. Өйткені олардың жеке жоспарлары да болуы мүмкін. 

Кейде өзімізді ойлап, өзгелерге қалай кедергі келтіретінімізді байқамай қаламыз. Сол себепті әр ісімізді ой желегінен өткізіп, өзгенің уақытын бағалауды естен шығармау керек.

Massaget

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: