Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

22°C

, Дүйсенбі, 09 маусым, 21:07

Қорқыт Ата университеті Қазақстан Республикасының ТОП-20 университетінің қатарына енді

09.06.2025

12

0

 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі–2025 версиясы бойынша ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО қатарында.

2025 жылғы 2 мамырда Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізетін ҚР жоғары оқу орындары сұранысының тәуелсіз рейтингі – 2025 қорытындысы жарияланды. 2025 жылы бағаланған білім беру бағдарламаларының саны 1650-ге жетті. Рейтинг Қазақстанның үздік жоғары оқу орындары қатарына кірген ҚР ҮЗДІК-20 ЖОО анықтады. Рейтингке көпсалалы, техникалық, гуманитарлық-экономикалық, медициналық және педагогикалық бағыттағы жоғары оқу орындары, сондай-ақ өнер жоғары оқу орындары қатысты. Рейтинг қорытындысы бойынша Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 63700 баллмен 7-орынға ие болды. Біздің университет көп жылдан бері Қазақстанның үздік ЖОО-ның ондығына  кіреді. Ұжым мен білім алушыларды аталған жетістікпен құттықтаймыз.

Университеттің 29 білім беру бағдарламасы үздік үштік қатарында:

БАКАЛАВРИАТ
1.  6B01404 – Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау  – 3 орын
2.  6B01407 – Музыкалық білім – 2 орын
3.  6B02128 – Дәстүрлі музыка өнері  – 1 орын
4.  6B02130 – Хореография  – 3 орын
5.  6В02234 – Археология және этнология – 3 орын
6.  6В07261 – Мұнай газ ісі  – 2 орын
7.  6B11401 – Әлеуметтік жұмыс – 2 орын
8.  6В07263 – Геология және пайдалы қазба кен орындарын барлау – 3 орын
9.  6В07365 – Құрылыс – 2 орын
10.  6В08171 – Агрономия – 3 орын
11.  6В08674 – Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын
12.  6В11279 – Өміртіршілігінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау – 3 орын
13.  6В07366 – Құрылыс материалдарын,бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
14.  6В07367 – Инженерлік жүйелер мен желілер – 3 орын

МАГИСТРАТУРА
1.  7M01104 – Педагогика және психология – 3 орын
2.  7М01303 – Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 3 орын
3.  7М01510 – Математика – 3 орын
4.  7М01515 – Химия – 3 орын
5.  7М01619 – Тарих – 3 орын
6.  7М07365 – Құрылыс – 2 орын
7.  7M08674 – Су ресурстары және суды пайдалану – 2 орын

ДОКТОРАНТУРА
1.  8D01303 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі – 2 орын
2.  8D01510 – Математика педагогтерін даярлау  – 3 орын 
3.  8D01515– Химия  – 2 орын
4.  8D01517 – Биология  – 2 орын
5.  8D04139 – Мемлекеттік және жергілікті басқару – 1 орын
6.  8D07365 – Құрылыс – 2 орын
7.  8D07366 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру – 3 орын
8.  8D08675 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау – 2 орын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: