Бүгін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Сыр журналистикасының саңлағы Сағитжан Бермағанбетовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.
Спорттық шараға аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Жарыс соңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды марапаттады.
Турнир қорытындысы бойынша:
- Қызылорда Қоғамдық телеарнасы турнир жеңімпазы атанды.
- Облыстық “Qyzylorda” телеарнасы екінші орынды еншіледі.
- Ал меншікті тілшілерден құралған команда үшінші орынға табан тіреді.
Сонымен қатар, жарыс алаңында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
- «Үздік қақпашы» – Абзал Жолтерек
- «Үздік ойыншы» – Бауыржан Қожамұратов
- «Үздік шабуылшы» – Шыңғыс Нұрбай
- «Үздік қорғаушы» – Нұрлан Жақыпбек


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!