Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

30°C

, Бейсенбі, 17 шiлде, 08:35

БАҚ өкілдері арасындағы шағын футболдан облыстық турнирдің жеңімпаздары анықталды

21.06.2025

255

0

Бүгін 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Сыр журналистикасының саңлағы Сағитжан Бермағанбетовты еске алуға арналған шағын футболдан облыстық турнир өтті.

Спорттық шараға аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен құралған 6 команда қатысты. Жарыс соңында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы жеңімпаз командалар мен үздік ойыншыларды марапаттады.

Турнир қорытындысы бойынша:

  • Қызылорда Қоғамдық телеарнасы турнир жеңімпазы атанды.
  • Облыстық “Qyzylorda” телеарнасы екінші орынды еншіледі.
  • Ал меншікті тілшілерден құралған команда үшінші орынға табан тіреді.

Сонымен қатар, жарыс алаңында ерекше ойын өрнегімен көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:

  • «Үздік қақпашы» – Абзал Жолтерек
  • «Үздік ойыншы» – Бауыржан Қожамұратов
  • «Үздік шабуылшы» – Шыңғыс Нұрбай
  •  «Үздік қорғаушы» – Нұрлан Жақыпбек
футбол 4.jpg
Футбол 3.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: