Синоптиктер 15, 16 және 17 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр жауады. 16 шілдеде батыс пен солтүстік өңірлерде, 17 шілдеде солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жаңбыр, бұршақ және желдің екпінді күшеюі күтіледі. Тек еліміздің оңтүстігінде күн ашық, ыстық және жауын-шашынсыз болады.
Республика бойынша желдің күшеюі, ал түнде және таңертең солтүстік-батыста тұман түсуі ықтимал.
Аптап ыстық әсіресе республиканың оңтүстік, оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде байқалады:
- 16–17 шілде күндері оңтүстік-батыста +39…+44°С,
- 17 шілдеде орталықтың кей аймақтарында +40°С,
- Оңтүстікте +40…+44°С, оңтүстік-шығыста +40…+42°С дейін ысиды.
- Солтүстік аймақтарда +30…+35°С, ал шығыста +35…+38°С шамасында болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!