Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-1°C

, Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:58

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

20.07.2022

746

0

 «Коррупция» термині латын тілінің «corrutpere» деген сөзінен шығып, мағынасы жағынан «мемлекет организмін, қоғамдық қарым-қатынастарды бұзу» дегенді білдіреді, «параға сатып алу» терминімен сәйкес, яғни лауазымды тұлғаның өз билігі өкілеттігі мен сеніп тапсырылған құқығын заңға және моральдық нормаларға қайшы келетін өтірік айту, бопсалаушылық, сөзбұйда жасау жолдарымен жеке бас пайдасы үшін пайдалануы екендігін және сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептері мен жағдайларының алдын алу және мемлекеттік  қызметшілердің іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасамау, сыйлықтар қабылдау жағдайларын болдырмау, заң аясында қызмет көрсетіп, сыпайы және мәдениетті болулары керек.

 «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңының 50 бабына сай мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар жасамауын мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс. Мемлекеттік қызметші, егер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы анық ақпараты болса, мұндай құқық бұзушылықты болғызбай және тоқтату жөнінде қажетті шаралар қолдануға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші сондай-ақ көрсетілген лауазымды тұлғаларды және органдарды өзін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға көндіру жағдайлары туралы жазбаша түрде хабардар   ету керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрбір азаматтың міндеті екендігін және басқа мемлекеттік органдар секілді  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске баса көңіл аудару керектігін, салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыруға,  басқарма қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, орындауға және сыбайлас жемқорлық көріністерін жою үшін оған қарсы әрекеттер жасауға бағытталған елеулі шаралардың тұрақты жүргізілу керек.

Р.Байгазиев,

Жалағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының  басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: