Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 04 қазан, 01:50

Тазалық – ортақ жауапкершілік

19.09.2025

18

0

Бейсенбіде «Amanat» партиясы аудандық филиалының белсенділері «Таза бейсенбі» акциясы аясында ауданға кіреберіс Қазыбек би көшесінің бойына тазалық жұмыстарын жүргізді. Тазалық шарасына партия ардагерлері мен бастауыш партия ұйымдары, еріктілер мен ауыл тұрғындары да қатысып, туған жердің экологиялық тазалығына үлес қосты.

Олар көше жиегіндегі шөптерді шауып, ағаштар мен жол шекараларын ақтап, жиналған қоқыстарды арнайы орынға жеткізді.
– Партия бастамасымен әр бейсенбіде өтетін бұл акция – табиғатқа, қоршаған ортаға деген құрметтің көрінісі. Жалпы ауаның ластануы, судың азаюы мен қалдықтардың көбеюі – адамның өз қолымен жасалатын дүние. Егер біз бүгін қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарамасақ, ертеңгі ұрпаққа не қалады?. Таза орта қалыптастыру, тазалық мәдениетін сақтау мен қоршаған ортаны аялау – көпшілікке ортақ жауап­кер­шілік, – деді партия филиалының консультанты Ахан Кенжебаев.
Аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Абзали Төлеутай бұл бастама жай ғана тазалық жұмысы емес, ел болашағына деген жауапкершілік пен жанашырлық екенін айтады. Сондай-ақ ол табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау бүгінгі ұрпақтың қана емес, келер ұрпақ алдындағы үлкен аманат екенін жеткізді.
– Шындығында, тазалыққа баршамыз жауаптымыз. Мұндай шараларда белсенділік таныту арқылы өскелең ұрпаққа үлгі болуымыз керек. Жалағашта апта сайын сен­білік жұмыстары үздіксіз жүргізіліп тұрады. Қуантарлығы, со­ның барлығында тұрғындар белсенділік танытуда. Бұрын тек мекеме, кәсіпорын ұжымдары шықса, қазір тазалық шараларында тұрғындар да белсенді. Қазір кенттің көркіне көз сүйсінеді. Әсіресе бізді мұндай шаралардың ауылдық елді мекендерде де қарқынды жүруі қуантады, – дейді орталық директоры.

«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: