Конституция – мемлекеттің басты заңы. Онда еліміздің қалай дамитыны, халықтың құқықтары мен бостандықтары нақты жазылған.
Қазақстан Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сол күннен бастап бұл күн – бүкіл халық үшін үлкен мереке болып аталып өтеді.
Ата Заңымызда:
Әр азаматтың тең құқылы екені,
Еркін өмір сүруге, білім алуға, жұмыс істеуге құқығы бар екені,
Сөз айтуға, пікір білдіруге еркіндігі бар екені көрсетілген.
Сонымен бірге Конституция мемлекет билігінің қалай жұмыс істейтінін де белгілейді. Яғни, заң шығаратын, орындайтын және сот билігі жеке-жеке жұмыс істеп, бір-бірін бақылайды.
Уақыт өткен сайын қоғам да өзгереді. Сол себепті Конституцияға да жаңа талаптарға сай түзетулер енгізіліп отырады. Бұл – халықтың жағдайын жақсартуға, елді алға дамытуға жасалған қадам.
Қысқасы, Конституция – біздің өмірімізді қорғап тұрған негізгі заң. Оған құрметпен қарау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.
Мухит Алиякбаров
Жалағаш аудандық соттың бас маман-аға сот приставы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!