Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Жұма, 03 қазан, 21:58

Сыбайлас жемқорлыққа жоқ жоқ

25.09.2025

102

0

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын,  болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі.

Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз құбылысқа қарсы шаралар мен жемқорлықсыз қоғам құру бағытында кешенді және жүйелі жұмыстар жүргізу басты назарда. Себебі – жемқорлықсыз қоғамда өмір сүру және жемқорлықсыз қоғамды құру бүгінгі күннің басты талабы.

Сыбайлас жемқорлық – ұлтымыздың қауіпсіздігі мен еліміздің беделіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс екені белгілі. Ал онымен күрес  тек ғана заң қызметкерлерінің жауапкершілігі емес, әрбір азамат пен азаматшаның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының деңгейін арттыру жолындағы азаматтық міндеті екенін естен шығармаған жөн.

Қызылорда облыстық мемлекеттік архиві

«КММ-нің «Жалағаш аудандық архиві» филиалының

I санатты архивисті Құланбаева Нұршат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: